×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Президент: Демонстранттар диалогқа дайын болуға тиіс

04.01.2022, 10:12
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы халықтың толқуына байланысты твиттерге тағы пост жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді», - деп жазды мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілгенін мәлім етті.

«Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс», - деп сөзін түйіндейді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары