Шығыс Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен бұрынғы полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДӘЙЕКСӨЗ
16 жасқа толмаған жасөспірімдерге қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Айта кетейік, бұрынғы полиция қызметкері бұл қылмысқа қатысы бар жалғыз күдікті емес, одан басқа адамдар да анықталып, ұсталды. Оларың бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды.