×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Түркия дүрбелеңі: оппозиция бір қадам шегінбеуге бекінді, полиция 2 мың адамды ұстады

29.03.2025, 20:10
Түркия дүрбелеңі: оппозиция бір қадам шегінбеуге бекінді, полиция 2 мың адамды ұстады
Huseyin Aldemir/AP/picture alliance

Түркияда жаппай наразылық акциясы жалғасып жатыр. Екі мыңнан астам адам қамауға алынды. Десе де көшеге шыққан жұрттың қарасы көбеймесе азаяр емес. Оппозиция өкілдері кезекті митингіде тұтқындалған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлыға бостандық сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тағы да оқыңыздар

ТОЛЫҒЫРАҚ

Біз алаңдаушылықты, қорқыныш пен шаршауды үйде қалдырдық. Біз көшедеміз, біз алаңдамыз", – деді Републикалық-халық партия жетекшісі Озгюр Озел Ыстамбұлдың Малтепе ауданында өткен митингіде.

Оппозициялық партияның есебінше, наразылық шеруіне шамамен 2,2 млн адам қатысқан.

Бұл – демократияны ысырып қойып, өз орнын мәңгі сақтап қалғысы келетіндердің алғашқы әрі ең қауіпті әрекеті. Біз оларды жеңеміз. Біз бұл ғажап елді оларға ешқашан бермейміз, – деді Озгюр Озел Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанды меңзеп.

НАРАЗЫЛЫҚ ЖАЛҒАСАДЫ

Сондай-ақ ол әр демалыс сайын Түркияның түрлі қалаларында және әр сәрсенбіде Ыстамбұлдың бір ауданында наразылықтарды жалғастыруға уәде берді. Оппозициялық партия ұстанған бағытынан оңайлықпен бас тартпайтынын айтқан ол наразылық шараларын үкіметке қоғамдық қысым көрсетудің құралы ретінде қарастыратынын жеткізді.

Озгюр Озел партияның мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы талабын қайталады.

Имамоғлы былтыр болған Ыстамбұл мэрі сайлауында Ердоған ұсынған кандидатты жеңіп, жақында РХП атынан 2028 жылы өтетін жалпы сайлауда президенттікке үміткері болып таңдалды.

Митингте жасанды интеллекттің көмегімен сөйлеген Имамоғлы: «Мен уәдемді орындаймын, ешқашан бір қадам да шегінбеймін», – деді.

2 МЫҢ АДАМ ҰСТАЛДЫ

Reuters мәліметінше, он мыңдаған адам Түркияның туы мен плакаттар ұстап, Ыстамбұлдың Малтепе ауданында жиналды. «Имамоғлыға бостандық!» ұранымен өткен бұл акцияны РХП ұйымдастырды.

Оппозициялық күштер, адам құқықтарын қорғау ұйымдары және батыс елдері Имамоғлыға қарсы қылмыстық қудалауды саяси астары бар әрекет деп бағалап, Ердоғанның сайлаудағы ықтимал қарсыласын саяси аренадан ығыстыруға бағытталған ісі деп есептейді.

Құқық қорғау органдары наразылық шерулеріне қатысқан 2 мыңнан астам адамды ұстады.

Айта кетейік, Имамоғлуның қамауға алынуынан кейін басталған бұл наразылықтар соңғы он жылдағы Түркиядағы ең ірі наразылыққа айналды.

МӘСЕЛЕНІҢ ТӨРКІНІ

Естеріңізге сала кетейік, Экрем Имамоғлы «билікті асыра пайдаланды» және «сотты құрметтемеді» деген бірқатар айыптаулар бойынша ұсталып, Ыстамбұл мэрі қызметінен босатылған. Оппозиция мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұл істен саяси астар іздеп, оны белгілі оппозициялық көшбасшылардың бірін саяси науқаннан шеттетуге бағытталған әрекет деп санайды.