×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Заңсыз активтер қайтарылды: халық үшін пайдалы тағы бір нысан салынады

Заңсыз активтер қайтарылды: халық үшін пайдалы тағы бір нысан салынады
ЖИ / ulysmedia.kz

Павлодар облысы ауылдарында медициналық нысандар салуға 228 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАРЖЫ

Үкімет елімізге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен Павлодар облысында медициналық нысандар салуға арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Қаражат Екібастұз, Ақсу қалалары ауылдық округіндегі, сондай-ақ Ертіс, Железин, Тереңкөл ауданындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.

ҒИМАРАТ ТУРАЛЫ

Екібастұз ауылдық округінің Бәйет ауылында 1983 жылы пайдалануға берілген жалғыз ФАП орнына фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда. Ескі ғимарат жөндеуге жарамсыз деп танылды. Бүгінде елді мекенде 822 адам тұрады.

Ертіс ауданында дәрігерлік амбулатория ашылады. Нысан санитарлық талаптар мен нормаларға сай жабдықталады. Аудандағы медициналық пункт мыңнан астам тұрғанға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы денсаулық сақтау нысандарының шалғай орналасуына байланысты Мыңкөл, Ивановка және Құркөл ауылдары да жаңа медициналық нысандар салуды қажет ететін елді мекендер тізіміне енгізілген. Оларға ең жақын аудандық емхана 18 шақырымнан 115 шақырымға дейінгі қашықта орналасқан. Ауылдарда тұрғылықты жері бойынша медициналық қызмет көрсететін жаңа медициналық пункттер салынады. Павлодар облысының елді мекендерінде 168 мыңнан астам тұрғын бар. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін үкімет арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.