×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

«Орамал таққан әйелдеге жоламаңдар»: Жапаров хиджабқа араша түсті

Бүгін, 22:10
«Орамал таққан әйелдеге жоламаңдар»:  Жапаров хиджабқа араша түсті
Ulysmedia коллажы

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров діни киім үлгілеріне қатысты ұстанымын ашық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ХИДЖАБҚА ҚАРСЫ ЕМЕС, БІРАҚ ПАРАНДЖИ МЕН НИКАБҚА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Оның сөзінше, елде жүзді толық жабатын паранджи мен никабқа заңмен тыйым салынған. Алайда беті ашық болатын хиджабқа шектеу жоқ.

“Біздің тілде «хиджаб» сөзі жай ғана «орамал» дегенді білдіреді. Арабшада ол расымен хиджаб деп аталады. Бірақ біз өз елімізде оны жай ғана орамал деп атайық. Кей адамдардың «хиджаб» деген сөзден өзі қорқады. Ал орамал — бұл біздің аналарымыздың, әжелеріміздің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі. Оған ешкім қарсы емес. Әйел адамның орамалды қалай тағатыны — өз еркі. Тек беті ашық болса болды,” — деді президент Жапаров.

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ: ОРАМАЛ ТАҒЫП ЖҮРГЕН ӘЙЕЛДЕРГЕ ТИІСПЕҢДЕР

Президент құқық қорғау органдарына нақты ескерту жасады.

 «Бөрік ал десе, бас алма» дейді. Осындай саясат болмауы керек. Беті ашық, орамал таққан әйелдерге мүлде жоламаңдар. Орамалды қалай байлайтыны — өз шаруасы: орап ала ма, иек астынан байлай ма — бұл олардың таңдауы. Ең бастысы — беті ашық болсын, — деп атап өтті мемлекет басшысы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қырғызстанның Джалал-Абад қаласында полиция қызметкерлері көшеде никаб киген әйелдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізген еді. Бұл рейдтің фотоларын Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті жариялаған. 

2024 жылдың соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қоғамдық орындарда никаб киюге тыйым салу бастамасын қолдайтынын мәлімдеген болатын. Бұл мәселе ел ішінде бұрыннан бері пікірталас тудырып келеді.