×
521.67
592.46
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.67
592.46
6.32

Астанада жатақханадан өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды

Астанада жатақханадан өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Астанада жатақханадан өрт шығып, ондаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға бүгін таңертең Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойында болған. Мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимаратында өрт шықты.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт мансардалық алтыншы қабатта болып жатқаны анықталды. Келген сәтте қабат толығымен отқа оранған еді. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, барлау жұмыстары басталды. ТЖМ күштерімен суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді.

ЭВАКУАЦИЯ

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты. Өрт 1600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді.

Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Серіктес жаңалықтары