×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Шерзат Полат ісі: сотталушылар істі алқабилердің қарауына қарсы болды

10.04.2025, 14:16
Шерзат Полат ісі: сотталушылар істі алқабилердің қарауына қарсы болды
Жоғарғы сот

Шерзат Полат ісі бойынша сотталушылар істі алқабилердің қарауына қарсы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотталушы Абзал Шынасыл сотқа дейінгі тергеу кезінде істі алқабилердің қарауына қарсы болған. 

- Сол туралы өтініш хат келтірген болатынсыз. Сол өтінішті қолдайсыз ба, әлде алқабилердің қатысуымен өтуін сұрайсыз ба?, деп сұрады судья. 

 Шынасыл істі алқабилердің қарауына қарсы шықты. 

Сонымен қатар, судья бұл сұрақты айыпталушы Сәкиев де қойды. 

- Сотқа дейінгі тергеу кезінде сізге істі алқабилер қарауы туралы құқығыңызды көрсеткен кезде, сіз хаттамада “соттың алқабилердің қарауы туралы түсіндірілді, қатыса қажет не қажет емес екенін сотта айтамын” дедіңіз. Сіздің шешіміңіз қандай?, деп сұрады судья. 

Сәкиев істі алқабилердің қарауына қарсы болды. Сот істі алқабилердің қатысуынсыз қарауды қаулы етті.  

АЙЫПТАУ АКТІ

Еске салайық, бұған дейін прокурор Ержан Құрақбаев Шерзат Полаттың ісі бойынша сотта айыптау актісін оқыған кезде оқиға қалай болғанын айтып берген еді. 

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.