×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

eGov Mobile қосымшасында тағы бір жаңа қызмет қоcылды

eGov Mobile қосымшасында тағы бір жаңа қызмет қоcылды
Фото: Gov.kz

Енді шетелдік дипломдарды тану eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"ҰАТ" АҚ мәліметіне сүйенсек, eGov Mobile қосымшасында шетелде алынған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды тану қызметі қолжетімді. 

Қызмет шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта. 

Бұрын бұл процесс жеке өтініш пен қағаз құжаттарды жинауды талап ететін, ал бүгінде қызмет онлайн режимде қолжетімді. Бұл өтінімді қарау мерзімін қысқартады және қызметті пайдаланушыларға ыңғайлы етеді.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіңіз;
  • "Қызметтер" бөліміне өтіңіз, «Білім» - «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» қызметін таңдаңыз;
  • өтінімді толтырыңыз, қажетті құжаттарды жүктеңіз және төлем жасаңыз;
  • өтінімге қол қойыңыз. 
Қызмет нәтижесінде пайдаланушы дипломды тану туралы электрондық құжатты немесе заңда көрсетілген негіздер бойынша дәлелді жауап алады, – деп хабарлады “ҰАТ" АҚ.