Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы алқабилер шығарған үкімнің күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҮКІМНІҢ КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ
Алқабилер түрмеде отырғандарды азаптаумен айналысқандарды ақтау туралы шешім шығарған болатын. Бүгін Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Атбасар ауданының Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімінің күші жойылды.
Қылмыстық қудалау органымен ҚАЖК қызметкерлері Атбасар қаласының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдарға әсер етудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданды деп айыпталды (ҚК-нің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы - Азаптау).
Алқабилер алқасының шешімімен ҚАЖК қызметкерлері кінәсіз деп танылып, қылмыс оқиғасының болмауынан ақталған еді.
ҮКІМНІҢ КҮШІ НЕ ҮШІН ЖОЙЫЛДЫ
Үкімнің күшін жоюға бірінші сатыдағы сотымен жіберілген процестік бұзушылықтар негіз болды:
- Алқабилердің қатысуымен талқылауға жатпайтын мәселелер зерттелген. Бұл олардың жәбірленушілерге қатысты дұрыс емес пікірін тудыруға ықпал ету мүмкін.
- Сонымен қатар, бірқатар жәбірленушілерге жарыссөздерде сөз сөйлеу қамтамасыз етілмеген.
Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылан ауданарлық сотына басқа құраммен жаңадаң қаралуына жолданды.
ПРОКУРАТУРА
Бұған дейін прокуратура Атбасар колониясында азаптау туралы резонанс тудырған іс бойынша апелляциялық өтініш жасаған болатын.
БАС ПРОКУРОРҒА ҮНДЕУ
Еске сала кетейік, алқа билер соты Атбасар колониясындағы азаптау ісінде сотталушыларды ақтағаннан кейін Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) азаптауға қарсы коалициясы бас прокурор Берік Асыловқа жүгінген еді. Олар белсендіні азаптау туралы оқиға видеодан кейін ғана белгілі болғанын, ол бейнеде колония қызметкерлерінің тұтқынды азаптағаны анық көрінетінін атап өткен.