×
514.94
583.74
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.94
583.74
6.13

Алматыда жастардың төбелескен видеосы тарады: полиция түсінік берді

Бүгін, 13:58
Алматыда жастардың төбелескен видеосы тарады: полиция түсінік берді
Ашық дереккөзден

Алматыда жастар арасындағы төбелестің видеосы тарады. Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЕЛІДЕ ТАРАҒАН ВИДЕО 

Желіде бойжеткен мен жас жігіттің бір-біріне жұдырық сілтеп жатқан видеосы тарады.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға 12 сәуірге қараған түні Алматыдағы Арбатта болған. Әзірше бұған не себеп болғаны белгісіз.

Жігіттердің бірі қызды бірнеше рет, беті мен басынан ұрған, содан кейін оның достарының бірі оны шетке қарай әкеткен. Қыз басын ұстап, әрі қарай кетіп қалған. Өтіп бара жатқан адамдар оған көмектеспек болды.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады", - деп хабарлады ведомство.