×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Қазақ әндері Instagram мен Meta-ға қайта қосылды

Қазақ әндері Instagram мен Meta-ға қайта қосылды
ЖИ / ulysmedia.kz

Әділет министрлігі Instagram-да қазақ әндерінің пайдаланылуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Бүгін ОКҚ алаңында көпшілікті алаңдатқан мәселе – Instagram және Facebook-те қазақстандық музыканы қайтару тақырыбы талқыланды. Зияткерлік меншік комитетінің төрайымы Шолпан Әбдірееваның айтуынша, авторлық құқық объектілерін заңды пайдалану үшін автордың рұқсаты қажет. 

- Авторлық құқық саласындағы ұлттық заңнама мен халықаралық конвенциялар музыкалық шығармаларды, мысалы, интернетте немесе әлеуметтік желіде пайдалану үшін авторлардың немесе құқық иесінің рұқсаты керек екенін анық белгілейді. Әрине заңнамада туындыларды авторлардың келісімінсіз және сыйақы төлемей пайдалануға рұқсат етілген еркін пайдалану жағдайы қарастырылған. Бірақ бұл жағдай нақты реттелген, деді Әбдіреева. 

 

ӘНДЕР ҚОСЫЛДЫ

Шолпан Әбдіреева қазақстандық музыканы әлеуметтік желілерге қайтару үшін Meta мен құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдары арасындағы келіссөздер процесі туралы хабардар етті. Оның айтуынша, Әділет министрлігі келіссөздер процесіне шарттық қатынастардың еркіндігі және оларға араласпау қағидатын ескере отырып, Meta платформасы мен құқықтарды ұжымдық басқару ұйымы арасындағы дәнекерге айналды. 

- Бүгін біз Meta мен ұжымдық құқықтарды басқару ұйымы арасындағы келісімге қол қойылғанын қуана хабарлаймыз. Instagram және Facebook-те қазақстандық музыканы пайдалануды реттейтін Мета мен Қазақстан авторлар қоғамы уағдаластыққа қол жеткізді. Өткен аптада контент әлеуметтік желілерге қайта орала бастады, деді спикер.

Бұл ретте әділет министрлігінің өкілі мемлекеттік және кәсіби институттармен әріптестік қарым-қатынас орнатуға ұмтылысын, сондай-ақ қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің мүдделерін білдіретін Қазақстан авторлар қоғамның бұл үдерісіндегі ерекше рөлін көрсеткен Мета-ның сындарлы тәсілін атап өтті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатқаны хабарланған еді. 

ҚАЗАҚ ӘНДЕРІНІҢ ЖОЙЫЛУЫ

Еске салайық, былтыр желтоқсанның басында Instagram-нан қазақ әндері жойылып кеткен. Ол кезде Ботагөз Жақселекова Мeta музыка авторларымен авторлық құқықты басқаратын ұйымдар арқылы ынтымақтасатынын айтқан еді. Қазақстанда мұндай ұйым Meta-мен келісімшартты ұзарту шартын келісе алмаған. Мәселе тарифтер мен төлемдер мөлшеріндегі даудан туындаған.

Серіктес жаңалықтары