×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Мемлекетке байлардан 610 млрд теңге қайтарылды. Үкімет ақшаны қайда жұмсайды

14.04.2025, 18:55
Мемлекетке байлардан 610 млрд теңге қайтарылды. Үкімет ақшаны қайда жұмсайды
Ulysmedia.kz коллажы

Үкімет басшысы Олжас Бектенов заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҮКІМЕТ НЕ ДЕЙДІ

Бұған дейін қабылданған шешімдердің орындалу нәтижелері қаралып, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының жұмысы туралы есеп тыңдалған. Шамамен 610 млрд теңгенің активтері, атап айтқанда, 506 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат, сондай-ақ құны 103 млрд теңгеден астам мүлік қайтарылған.

Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы 280 әлеуметтік нысанды жүзеге асыруға, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қаражат бөлінген.

АҚША ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ

Кезекті отырыс қорытындысы бойынша Комиссия заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасауды мақұлдады. Арнаулы мемлекеттік қорға қосымша 150 млрд теңге бағытталады. Сонымен қатар «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілері Қазақстан экономикасына $10,5 млрд инвестиция салу бойынша міндеттеме алды.

Сонымен қатар Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңының күші қолданылатын тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 84 млрд теңгеден астам активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз беруді қолдаған. 

ДЕПУТАТТАР НЕ ДЕЙДІ

Ulysmedia.kz тілшісі мәжіліс депутаттарын сөзге тартып, шетелден активтерді қайтару мәселесін қозғады. Елде арнайы заң күшіне енгелі "елге 2 трлн теңгеге жуық қаражат қайтарылды" деген үкіметтің, бас прокуратураның жұмысына олардың көңілі тола ма? Активтерді басқа елдерден қайтарудың қиындығы неде? Толығырақ мақаладан оқи аласыз.

Серіктес жаңалықтары