Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстан президентінің аумақтық тұтастық туралы ұстанымымен келіспеген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПІКІР
Қызығы, белгілі бір аумақта тұратын халыққа қай үкімет өкілдік ететінін – оны кім анықтайды? Бұл бір риторикалық джерримандериң сияқты естіледі: өз түсінігіміз бойынша орталық деңгейде өкілдік таппаған аумақты іздейміз. Кейін сол аумақты үкімет өкілдік етпейді деп жариялаймыз. Содан кейін сол аумақта мемлекеттің аумақтық тұтастығын мойындаудан бас тартамыз. Аумаққа өзін-өзі анықтау құқығын мойындаймыз. Одан кейін жағдайға қарай әрекет етеміз. Бұл, әрине, Пандора жәшігін ашып, халықаралық құқық пен халықаралық қатынастарды хаосқа ұрындырады. Президент Тоқаев ескерткен хаос – дәл осы, – деп жазады Әбішев.
Саясаттанушы Қазақстан әрдайым серіктестерінің аумақтық тұтастығын мойындап келгенін еске салды. Атап айтқанда, тоқсаныншы жылдары Шешен Республикасының мәртебесіне қатысты пікірталас жүрген кезде Қазақстан “өзін-өзі анықтау құқығына” қарамастан оны ешбір күмәнсіз Ресейдің бір бөлігі деп санады.
Шын мәнінде, Лавров нені меңзеп отырғаны түсінікті – “қалағанымызша бұрмалаймыз” дегені. Қазіргі жағдайға сай келетін риториканы иіп әкелу керек болғанда – осылай сөйлеу керек. Ал жағдай бұрынғы арнасына түссе, Ресей дипломаттары бәріміздің бәрін қате түсінгенімізді айтып, шын мәнінде Ресей “аумақтық тұтастықты” тура мағынасында қолдайтынын түсіндіре бастайды. Әсіресе, алдағы жылдары халықаралық қауымдастық Ресейдің аумақтық кеңеюін мойындауы мүмкін болса солай, – деді ол.
ТОҚАЕВТЫҢ СӨЗІ
2022 жылғы маусымда Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің көзінше “ДХР” мен “ЛХР”-ды квазимемлекеттік аумақтар деп атаған болатын. Бұл мәлімдеме Ресейде қызу реакция тудырды.
Лавров жуырда сол мәлімдемені еске алып, Тоқаевпен келіспейтінін мәлімдеді.