×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Флоридадағы атыс: «Болашақ» студенттері бар ма

18.04.2025, 16:35
Флоридадағы атыс: «Болашақ» студенттері бар ма
Ашық дереккөзден

Флорида штаты университетінің (FSU) кампусында орын алған қарулы шабуыл кезінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

FSU КАМПУСЫНДАҒЫ АТЫС: НЕ БОЛДЫ?

2024 жылғы 17 сәуір күні Таллахасси қаласындағы Флорида штаты университетінің кампус аумағында атыс болды. Қайғылы оқиға кезінде екі адам қаза тауып, алтауы жарақат алған. Күдікті — 20 жастағы студент Феникс Айкнер — ұсталған сәтте жараланып, тұтқындалды. Ол атыс кезінде өгей шешесіне тиесілі тапаншаны қолданған. Джессика Айкнер — Леон округінің шериф көмекшісі болып қызмет етеді.

Оқиға түскі уақытта студенттер орталығы маңында болған. Қаза тапқандардың университетке қатысы болмаған. Жараланғандардың бесеуі оқ жарақатын алса, бір адам қашып бара жатып жарақаттанған. Қазіргі таңда зардап шеккендердің бірі ауыр хәлде ауруханада жатыр.

«БОЛАШАҚ» СТУДЕНТТЕРІ ҚАУІПСІЗ ЖЕРДЕ

Халықаралық бағдарламалар орталығының дерегінше, аталмыш оқу орнында Қазақстаннан келген төрт стипендиат білім алуда: үшеуі магистратурада, біреуі докторантура бағдарламасында оқып жатыр. Олардың барлығы дін аман және жергілікті билік өкілдерінің нұсқауларын қатаң сақтап отыр.

Айта кетейік, бұл — соңғы 11 жыл ішіндегі FSU аумағында болған екінші қарулы шабуыл. Бұған дейін, 2014 жылы, университет кітапханасында оқиға тіркелген болатын.

Серіктес жаңалықтары