×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Баланы мазақ еткен Дарикорнның тағдыры не болмақ

Бүгін, 00:15
Баланы мазақ еткен Дарикорнның тағдыры не болмақ
Әлеуметтік желіден

2024 жылдың тамыз айында танымал блогер Дарикорн өзінің Qatty Tatty атты кафе желісін жарнамалау мақсатында бір баланы түсіріп, оны әлеуметтік желіде көпшілікке жариялаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеода бала өзінің сүйікті асы ретінде "пицца" деп айтқанымен, видеомонтаж арқылы бұл сөз бұрмаланып, оның орнына ірі әріптермен "ПИСЯ" деген жазу қойылған.

КӨРЕРМЕН КҮЛДІ, БАЛА БУЛЛИНГКЕ  ҰШЫРАДЫ

Бұл видео желіде кең таралып, лайк, комментарий және қаралым арқылы үлкен резонанс тудырды. Алайда видео астындағы пікірлерде баланы қорлап, мазақ ету көбейген.

"Кафе басшылығы мұны көре тұра еш әрекет жасамады. Видео әдейі бұрмаланған — баламды масқаралап, қаралым жинау үшін", – дейді анасы.

ЗАҢ БҰЗУ ЖӘНЕ БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАУІП

Анасының айтуынша, видеодағы тағы бір жайт — балаға тамақ берудің заңсыздығы. Оның ұлына рұқсатсыз белгісіз тағам ұсынылған. Бұл денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін еді, себебі бала аллергияға бейім. Сонымен қатар, видеода бір баланың екіншісіне тамақ беру сәті бар — бұл да ата-ананың ашуын тудырған:

Бұл қандай жарнама екенін түсінбедім. Бірақ менде бұл көрініс дәстүрлі емес бағытты насихаттағандай әсер қалдырды- дейді баланың анасы.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАП

Анасы ұлының осы жағдайдан кейінгі жағдайына алаңдаулы. Бұған дейін жоғары болған бала өзін-өзі бағалауы күрт төмендегенін айтқан.

"Баламның өзін-өзі бағалауы өте жоғары еді. Бірақ осы оқиғадан кейін ол 50 пайызға төмендеді”- дейді әйел.

Ол сондай-ақ, психикасы әлсіз балалар үшін бұл жағдай әлдеқайда ауыр боларын ескертіп, кибербуллингтің қайғылы салдары болуы мүмкін екенін айтты.

СОТ ШЕШІМІ ЖӘНЕ КАФЕНІҢ ЖАУАБЫ

Бірінші инстанция сотының шешімімен Qatty Tatty кафесі баланың ата-анасына 500 000 теңге моральдық өтемақы төлеуге, заңгерлік шығынды өтеуге және көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттелген. Алайда кафе бұл шешіммен келіспей, апелляцияға берген.

Серіктес жаңалықтары