АҚШ Қырымға қатысты Ресейдің бақылауын Киев пен Мәскеу арасындағы кең ауқымды бейбіт келісім аясында мойындауға дайын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
Бұл туралы Bloomberg басылымына ақпарат көзі хабарлаған. Алайда Қырымды ресми түрде тану туралы соңғы шешім әлі қабылданбағаны нақтыланды.
ТАРИХИ АНЫҚТАМА
Қырым — Шығыс Еуропаның оңтүстігінде орналасқан түбек. 1954 жылға дейін Қырым РКФСР құрамында болса, кейін Украина КСР-іне берілген. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін түбек Украина құрамындағы автономиялық республика мәртебесіне ие болды.
2014 жылы Украинада билік ауысқан соң Қырымда референдум өтіп, соның нәтижесінде Ресей түбекті аннексиялады. Бұл шешімді Украина, АҚШ және Еуропалық Одақ елдері қоса алғанда, әлемнің көп бөлігі заңсыз деп танып, Қырымды оккупацияланған аумақ ретінде есептейді. Қырым аннексиясы Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастың ушығуына басты себептердің бірі болды.