×
521.53
601.01
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.53
601.01
6.43

Каспий теңізі институтын іске қосу үшін 1,8 млрд теңге қажет

Каспий теңізі институтын іске қосу үшін 1,8 млрд теңге қажет
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық ғалымдардың мәліметінше, Каспий теңізі деңгейі тұрақты түрде төменден келе жатыр және 2050 жылға қарай ол минус 33 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАУІПТІ ШЕК

Каспий теңізінің деңгейі қазіргі таңда минус 28,5 метрге дейін төмендеген. Бұл шек — теңіз экожүйесі мен теңіз шаруашылығы үшін аса қауіпті, дейді мамандар. Осыған байланысты 2024 жылы Каспий теңізі бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылған. Алайда, қазіргі күнге дейін оның қаржыландырылуы шешілмеген.

– Біз қаржы министрлігіне 2025 жылға арналған республикалық бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлу туралы өтініш жолдадық. Бұл қаражат институттың жұмысын бастауға қажет, – деді Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошұрбаев.

ҚАРЖЫ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ

Министрліктің дерегінше, 1,8 млрд теңге былайша бөлінеді:

Институттың ағымдағы шығындары – 1 млрд теңге,

Ғимаратты жөндеу – 48,7 млн теңге,

Қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу – 678,7 млн теңге.

– Құрылымның құқықтық құжаттары әділет органдарына тіркеуге жіберілді. 2024 жылдың 6 желтоқсанында Каспий теңізі институты экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына берілді, – деді Ошұрбаев.

ИНСТИТУТ ҚАЙДА ОРНАЛАСАДЫ

Институттың кеңсесі Ақтау қаласында орналасады. Маңғыстау облысы әкімдігі жалпы аумағы 1 640 шаршы метр болатын әкімшілік ғимарат бөлген. Жоспар бойынша, мұнда 91 қызметкер жұмыс істейтін болады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы қорғалатын аймақтар бойынша экологиялық сезімталдық картасы әзірленіп жатыр. Бұл карта:

Мұнай төгілулерінің алдын алу және салдарын жою іс-шараларын жоспарлауға,

Биоалуантүрлілікті сақтау стратегиясын әзірлеуге арналған маңызды құрал болады.

Серіктес жаңалықтары