×
512.32
582.92
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.32
582.92
6.29

Соғысқа шақырған: Қырғызстанда Орыс үйінің қызметкерлері ұсталды

Соғысқа шақырған: Қырғызстанда Орыс үйінің қызметкерлері ұсталды
Фото: instagram - rushouse_bishkek

Қырғызстанда жалдамалыларды тарту фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Азаттык радиосының қырғыз қызметі хабарлады. Бішкектегі Первомай аудандық сотының баспасөз қызметі қамауға алынған күдіктілердің аты-жөндерін толық жарияламай, тек инициалдарын көрсетті. Қылмыстық істі Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қозғаған.

БІРІНШІ КҮДІКТІ

Журналистер қамауға алынғандардың бірі – Ош қаласындағы «Русский дом» (Ресейдің Россотрудничество мекемесінің өкілдігі) қызметкері Наталья Секерина екенін анықтаған. Оған Қырғыз Республикасының қылмыстық кодексінің 416-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бапта шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу үшін жалдамалыларды тарту, қаржыландыру, материалдық қамтамасыз ету және оқыту әрекеттері қарастырылған.

ТАҒЫ БІР КҮДІКТІ

Азаттык деректеріне сәйкес, қамауға алынған екінші адам – Ош қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкері Сергей Лапушкин. Оған қылмыстық кодекстің 43-бабы 3-бөлігі мен 416-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Бұл – жалдамалыларды тарту ісін ұйымдастырумен байланысты баптар.

Facebook желісіндегі Секеринаның парақшасында «Русский дом» ұйымдастырған түрлі іс-шаралардың фото-видеоматериалдары жарияланған. Бұл шараларға Сергей Лапушкин де қатысқаны көрінеді.

ТУЫСТАРЫ НЕ ДЕЙДІ

Наталья Секеринаның күйеуі журналистерге пікір білдіруден бас тартқан. Ол адвокатпен кеңескеннен кейін жауап беретінін айтқанымен, кейін байланысқа шықпаған.

ТАҒЫ ЕКІ АДАМ

Секерина мен Лапушкиннен бөлек, бұл іс бойынша тағы екі адам қамауға алынған. Олардың тұлғалары әзірге жарияланған жоқ. Барлық төрт адам Бішкектегі Первомай аудандық сотының шешімімен 17 маусымға дейін қамауда қалады.

Айта кетейік, бұған дейін де Қырғызстан азаматтары Ресейдің Украинадағы соғысына қатысқаны үшін жалдамалылық бойынша сотталған.

Серіктес жаңалықтары