×
517.16
588.48
6.23
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.16
588.48
6.23

Дәрумендерді қалай дұрыс ішу керек – маман кеңесі

Бүгін, 08:01
Дәрумендерді қалай дұрыс ішу керек – маман кеңесі
Ашық дереккөзден

Ресейлік кардиолог-дәрігер Ольга Бузуверова витаминдер мен биологиялық белсенді қоспаларды өз бетінше және бақылаусыз қабылдауға болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маманның айтуынша, адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірқатар заттар қажет: темір, мыс, селен, йод, хром, мырыш, фтор, марганец, кремний, D, C, B тобының витаминдері, сондай-ақ A және E витаминдері мен омега-3, -6 және -9 май қышқылдары.

Дәрігердің сөзінше, дәрілік заттар мен қоспаларды тек маман ғана тағайындауы тиіс. Өйткені көптеген витамин мен минералдың дозасы, қабылдау ережесі, қарсы көрсетілімдері әртүрлі. Кейбірі аллергиялық реакция туғызуы немесе бір-бірімен үйлеспеуі мүмкін.

Витаминдерді қабылдау бойынша кеңестер

  • B тобының витаминдері мен темір: Аш қарынға, су ішіп қабылдаған жөн. Шай, кофе, шырын немесе сүтпен бірге ішуге болмайды – бұл сусындар витаминдер мен минералдардың сіңуіне кедергі келтіреді.

  • Омега-3, 6, 9 май қышқылдары: Асты бірге отырып қабылдаған дұрыс.

  • Майда еритін витаминдер (A, E, D, K): Тамақтан кейін, бір-бірінен бөлек қабылдау ұсынылады.

Бузуверованың айтуынша, витаминдерді дұрыс қабылдамау аллергияға, препараттардың тиімділігінің төмендеуіне, тіпті денсаулыққа қауіпті салдарға әкелуі мүмкін. Сол себепті ол кез келген витамин немесе қоспаны қабылдамас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары