×
517.16
588.48
6.23
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.16
588.48
6.23

Қай мемлекеттердің басшылары Мәскеудегі әскери шеруге барады

Бүгін, 08:40
Қай мемлекеттердің басшылары Мәскеудегі әскери шеруге барады
Ашық дереккөзден

Ресей Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына келуге келісім берген мемлекет басшыларын «дос елдер» тізіміне енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТМД бас хатшысы Сергей Лебедевтің айтуынша, биыл Мәскеуде өтетін Жеңіс күнін атап өтуге ұйымға мүше барлық елдің басшылары келеді. Бұл туралы news.ru хабарлады.

Еске салайық, Ресейден бөлек, ТМД құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Молдова да заң жүзінде ТМД мүшесі болып есептеледі, алайда биыл ақпанда ұйымға жарна төлеуден бас тартып, іс жүзінде оның құрамынан шықты.

АЛЫС ШЕТ ЕЛДЕРДЕН КІМДЕР КЕЛЕДІ

Сондай-ақ, 9 мамырда Мәскеуге ресми сапармен Оңтүстік Африканың қорғаныс министрі Анджелина Мочекга келеді.

Жеңіс парадының құрметті қонақтарының қатарында Сербия президенті Александр Вучич пен Словакия премьер-министрі Роберт Фицо да бар.

Бұған қоса, парадқа Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин, Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва, Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысы То Лам, Израильдің Ресейдегі елшісі Симона Гальперин және Палестина президенті қызметін атқарып отырған Махмуд Аббас қатысады.

2025 жылғы 9 мамырда Мәскеуде Жеңіс парады өтеді.

Парадқа дайындық атақты өнер адамдарының сынына ұшырады. Олар қазіргі жағдайда әскери шерулер өткізуді орынсыз санап, 9 мамыр – бұл ең алдымен аза тұту мен еске алу күні екенін айтады. Бұл пікірге көптеген қазақстандықтар да қосылып, қымбатқа түсетін мұндай шаралардан бас тартуға шақырып отыр. Айтпақшы, парад Астанада да өтеді – оған бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінген.

Серіктес жаңалықтары