×
517.16
588.48
6.23
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.16
588.48
6.23

АҚШ – Қытай арасындағы тарифтік соғыс шыңына жетті ме

Бүгін, 23:35
АҚШ – Қытай арасындағы тарифтік соғыс шыңына жетті ме
Ашық дереккөзден

Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытай мен АҚШ арасында тарифтерге қатысты келіссөздер жүріп жатыр деген мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Трамп Time журналына берген сұхбатында Қытай төрағасы Си Цзиньпин өзін телефон арқылы іздегенін, екі ел арасында тариф келісімі бойынша белсенді келіссөздер жүріп жатқанын айтқан. Бұл мәлімдемені АҚШ сауда министрі Говард Лютник пен Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі де растаған.

«Ол маған қоңырау шалды. Бұл әлсіздік емес, керісінше, бастама деп есептеймін», – деді Трамп сұхбатында.

Алайда Қытай тарапы бұны түбегейлі теріске шығарды. Reuters агенттігі Қытай СІМ-нің келесі сөздерін келтіреді:

«Қытай мен АҚШ арасында тарифтерге қатысты ешқандай келіссөз не консультация жүріп жатқан жоқ. АҚШ тарапынан мұндай шатастыру әрекеттері тоқтауы тиіс».

Сонымен қатар, Трамп алдағы үш-төрт апта ішінде келісім жариялануы мүмкін екенін де атап өтті.

REUTERS: ҚЫТАЙ ЖАУАП ТАРИФТЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІН ТОҚТАТТЫ

Reuters дерегінше, Қытай кейбір АҚШ өнімдерін 125% көлеміндегі қосымша баж салығынан босатып, сауда соғысын жұмсартуға әрекет жасап жатыр. Бұл шешім туралы аталған тарифтерге әсер еткен компаниялар мәлімдеген. Алайда Қытай үкіметі бұл тақырыпқа қатысты ресми пікір білдіруден бас тартты.

Қытай СІМ өкілі:

«Тарифтердің жеңілдетілуі туралы нақты ештеңе білмеймін», – деген сөзін Reuters келтіреді.

АҚШ Сауда палатасының Қытайдағы өкілі кейбір фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмектерді кеден салығынсыз импорттағанын растады. Сонымен қатар, CNN телеарнасының дерегінше, Қытай кейбір АҚШ-та жасалған жартылай өткізгіштерге салынған 125% кері баж салығын үнсіз алып тастаған. Бұл ақпаратты Шэньчжэнь қаласындағы технологиялық компаниялар растаған.

Айта кетейік, АҚШ 2025 жылдың ақпанынан бастап Қытайдан келетін тауарларға кеден салығын сала бастаған. Сәуірге қарай кейбір тауарларға қойылған тариф көлемі 145%-ға жеткен. Бұған жауап ретінде Қытай да 125%-ға дейін кеден салығын енгізген болатын. Пекин бұл сауда соғысын «соңына дейін күреспек» екенін мәлімдеп, Вашингтонды халықаралық тәртіпті «джунгли заңы» деңгейіне түсірмеуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары