×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

АҚШ елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Бүгін, 11:38
АҚШ елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Ашық дереккөзден

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі виза сұхбатына жазылғысы келіп жүрген азаматтарға ресми ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Дипломатиялық миссияның мәліметінше, 2025 жылғы 2 мамырдан бастап Астана және Алматыдағы консулдық бөлімдер виза үшін сұхбатқа жазылуды белгіленген күннен үш жұмыс күні бұрын сағат 17:00-де жабады.

Мысалы, 2 мамырдағы сұхбатқа кіру үшін DS-160 сауалнамасын 28 сәуір сағат 17:00-ге дейін толтырып, жіберу қажет. Бұл талап орындалмаған жағдайда сұхбат өтпейді, ал үміткерге жаңа күнді белгілеуге тура келеді.

Елшілік DS-160 формасын дұрыс толтыруға толыққанды жауапкершілік, тіпті визалық агенттің көмегіне жүгінген жағдайда да, сұхбатқа қатысушының өзінде екенін ескертті.

Хабарламада DS-160 формасы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жазылу күшін жойып, үміткерге рәсімдеуді қайта бастауға тура келетіні айтылған.

Серіктес жаңалықтары