×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Зеленский мен Трамп Римде бетпе-бет кездесті

Бүгін, 16:01
Зеленский мен Трамп Римде бетпе-бет кездесті
t.me/uniannet

Трамп пен Зеленский Рим Папасының жерлеу рәсімі кезінде кулуарда өте нәтижелі кездесу өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Ченгтің айтуынша, қосымша мәліметтер сәл кейінірек жарияланады.

Мемлекет басшылары бір-біріне қарама-қарсы отырып, Әулие Петр базиликасында қысқа кездесу өткізген. Кейін оларға Макрон мен Стармер қосылды.

Ал Зеленскийдің баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың айтуынша, кездесу шамамен 15 минутқа созылған.

Еске салайық, 21 сәуір күні 88 жасында Рим Папасы Франциск өз резиденциясында өмірден өтті. 

Бүгін Ватиканда дүйсенбі күні қайтыс болған Папа Францисктің жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Салтанатты шара жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-да басталды және оған жарты миллионнан астам адам жиналды. Үш күн бойы Әулие Петр соборында қоштасу рәсімі өткеннен кейін, понтифик Санта-Мария-Маджоре базиликасында жер қойнына тапсырылады.

Серіктес жаңалықтары