×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда күштік құрылымдардың жұмысы қайта құрылатын болды

11.01.2022, 11:33
Фото: Ашық дереккөзден

Қарулы күштеріміздің, құқық қорғау құрылымдарымыздың жұмысын қайта құру қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесін түбегейлі қайта құру сынды стратегиялық міндетке ерекше тоқталғым келеді. Қарулы күштеріміздің, құқық қорғау құрылымдарымыздың, Ұлттық қауіпсіздік органдарымыздың, сыртқы барлау қызметтеріміздің жұмысын қайта құру қажет», - деді мемлекет басшысы мәжіліс отырысында.

Президент күштік құрылымдардың барлығы бір мақсат – кез келген сипаттағы және ауқымдағы қатер кезінде азаматтарымызды, конституциялық құрылымды, егемендікті барынша тиімді қорғау үшін жұмыла жұмыс істеуі тиіс екенін ескертіт.

«Мұны мемлекетіміздің түбегейлі мүддесі талап етеді», - деді Қазақстан президенті.

Серіктес жаңалықтары