×
512.32
582.92
6.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.32
582.92
6.29

Жаңа салық кодексіндегі мобильді аударымдар: салықшылар кімдерді бақылайды

Бүгін, 17:08
Жаңа салық кодексіндегі мобильді аударымдар: салықшылар кімдерді бақылайды
Ulysmedia коллажы

Қазақстандықтардың мобильді аударымдары келесі жылдан бастап бақылауға алынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, түпкілікті тәсілдер айқындалған.

Бұл шаралар бүгін Мәжілісте қабылданған Салық кодексі жобасында бекітілген. Енді Сенатпен келісілгеннен кейін, Ұлттық банкпен бірлескен бұйрықты шығарамыз деп ойлаймын.

Негізінен, тәсілдер бұрыннан белгілі болатын және қазір нақты белгіленді: қатарынан үш ай бойы 100-ден астам әртүрлі адамнан аударым қабылдау, сондай-ақ аударым сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асуы керек. Бұл бүгінде 1 миллион теңгеден астам соманы құрайды, – деді вице-министр.

Аталған нормаларды мамыр-маусым айларында қабылдау жоспарланып отыр, ал келесі жылдан бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдарын мониторингтеу басталады.

Яғни, 2026 жылы біз 2025 жылдың деректерін бақылауға мүмкіндік аламыз, – деп толықтырды Біржанов.

Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жаңа редакциясын және оған ілеспе салық салу мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

ҚҚС реформасы бойынша:

  • Үкімет ұсынған бастапқы 20% мөлшерлеме 16%-ға дейін төмендетілді;
  • ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 15 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды;
  • Медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемелері енгізіледі: 2026 жылдан бастап – 5%, 2027 жылдан бастап – 10%.
Серіктес жаңалықтары