×
512.34
582.07
6.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.34
582.07
6.31

Жапонияда жылан «Синкансэн» пойыздарының қозғалысын екі сағатқа тоқтатып тастады

Бүгін, 08:27
Жапонияда жылан «Синкансэн» пойыздарының қозғалысын екі сағатқа тоқтатып тастады
AFP

Жапониядағы ең жүктемелі бағыт – Токио мен Осака арасындағы «Синкансэн» жоғары жылдамдықты пойыздарының қозғалысы бір жыланның кесірінен уақытша тоқтап қалды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бір метрлік жылан әуе электр сымдарына оратылып, электр желісі тұйықталып қалған. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, ол бағанаға шығып, жоғары кернеулі сыммен өтуге тырысып, сол жерде мерт болған.

Оқиға сәрсенбі күні кешкі сағат 17:00 шамасында «Майбара» мен «Гифу-Хасима» станциялары арасында орын алды, деп хабарлайды Kyodo.

Пойыздар тоқтап қалғанымен, жолаушылардың айтуынша, вагондарда жарық пен кондиционерлер істеп тұрған.

Токиодағы станциялардағы билет сататын автоматтардың жанында ұзын-сонар кезектер пайда болған. Қозғалыс кешкі сағат 19:00 шамасында толық қалпына келтірілді.

Жапонияда қазір «Алтын апта» өтіп жатыр – төрт ұлттық мереке біріктірілген кезең. Сондықтан әуежайлар мен вокзалдар әдеттегіден әлдеқайда тығыз жұмыс істейді.

«Синкансэн» – Жапонияның жоғары жылдамдықты теміржол жүйесі. Алғашқы желі Токио мен Осака арасында 1964 жылғы жазғы Олимпиада қарсаңында ашылған.

Бұл – әлемде тұрақты жоғары жылдамдықтағы пойыз қатынасын енгізген алғашқы ел. Жапон моделінің жетістігі арқасында 1981 жылы Францияда Париж бен Лион арасында алғашқы TGV желісі іске қосылды.

«Синкансэн» пойыздары үнемі жайлылығы мен дәлдігімен ерекшеленіп келген.

Серіктес жаңалықтары