×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

"Қараңыздар да, үйреніңіздер": түрік студенті қазақша сөйлеп, әлеуметтік желіні тәнті етті

03.05.2025, 14:46
"Қараңыздар да, үйреніңіздер": түрік студенті қазақша сөйлеп, әлеуметтік желіні тәнті етті
Видеодан алынған кадр

Айдын есімді түрік студенті бар болғаны бір жылдың ішінде қазақ тілін меңгергенін айтып, әлеуметтік желінің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Айдын Алматыда оқып, Шымкент пен Көкшетау секілді бірнеше қалада болған.

— Мен Қазақстанда болдым, Алматыда оқыдым, Шымкентте, Көкшетауда — бәрінде болдым. Бір жылдың ішінде қазақ тілін үйреніп алдым, — дейді Айдын тез тарап кеткен видеода.

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін жас шетелдіктің видеосы қазақстандық әлеуметтік желілерде үлкен қызығушылық тудырды.

Желі қолданушылары оның тілді үйренуге деген ынтасына риза болып, таңданып жатыр. Көпшілік пікірлерде Айдынның жақсы үлгі көрсеткенін айтып, "Қараңыздар да, үйреніңіздер" деп пікір жазып жатыр.

Серіктес жаңалықтары