×
514.5
582.67
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.5
582.67
6.35

АҚШ-қа Алматыдан 70 мың шаршы метр жер беріледі: Сенат заңды мақұлдады

Бүгін, 11:29
АҚШ-қа Алматыдан 70 мың шаршы метр жер беріледі: Сенат заңды мақұлдады
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыда АҚШ консулдығының үй-жайын салу үшін 70 мың шаршы метр жер беріледі. Тиісті заңды бүгін сенаторлар мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Тиісті заң жобасын бүгін сенатта қаралды.

Сенатор Амангелді Нұғымановтың айтуынша, аталған келісім мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымының 74-сессиясына қатысу қорытындысы бойынша берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген. Құжат шеңберінде АҚШ үкіметіне Алматы қаласында консулдық мекеме ғимараттарын салу үшін 70 593 шаршы метр жер учаскесі 49 жыл мерзімге жалға беріледі.

КЕЛІСІМДЕ НЕ ЖАЗЫЛҒАН

Бұл шешім халықаралық дипломатиялық тәжірибеге толықтай сай келеді. Мәселен, Корей елшілігіне Ұлыбританияда және АҚШ консулдығына Гонконгта 999 жылға жалға жер берілген. Бұл - серіктестік қатынастардың ұзақмерзімділігі мен сенімге негізделген қалыпты практика. Алматы қаласындағы Бас консулдықтың аумағында АҚШ-тың Есірткімен күрес агенттігі, Қазақстан Республикасындағы - сауда министрлігінің өкілдігі кіреді. Оның негізгі міндеті – америкалық компаниялардың қазақстандық нарыққа шығуына жәрдемдесу, сондай-ақ АҚШ пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту болып табылады, – дейді ол.

Келісім бойынша жер учаскесін беру тәртібі мен шарттары нақты белгіленген. Жалға алу мерзімі үшін жалдау ақысы 25 миллион АҚШ долларын құрайды және бұл сома Келісім күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде біржолғы төлеммен төленеді. Сонымен қатар, АҚШ үкіметі жер учаскесі мен консулдық ғимаратқа қатысты барлық салықтар мен басқа да төлемдерден босатылады (жалдау ақысынан басқа).

БАС КОНСУЛДЫҚ АШЫЛАДЫ

Сондай-ақ консулдық ғимараттың құрылысына, оның күтімі мен жөндеуіне, байланыс қызметтері мен электр, газ, су, жылу және басқа да коммуналдық қызметтерге қатысты барлық шығындар АҚШ Үкіметінің есебінен жүзеге асырылады. Консулдықты жабдықтау мен жиһаздау үшін АҚШ Үкіметі импорттайтын барлық материалдар мен тауарлар кедендік төлемдерден, импорт салығынан және рұқсат алуға қатысты талаптардан босатылады. Одан бөлек, тараптар арасындағы келісімге сәйкес, Келісім ратификацияланғаннан кейін АҚШ тарапы Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласында Бас консулдық ашуына рұқсат береді.

Сонымен қатар, Келісімді ратификациялау халықаралық серіктестеріміздің елімізге деген сенімін арттырып, Қазақстанның тұрақтылығы мен инвестициялық тартымдылығының жоғары екенін көрсетеді. Сенаттың тұрақты комитеттері осы заң бойынша оң қорытындыларын берген.

Келісімге былтыр 27 қыркүйекте Нью-Йоркте Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасында қол қойылған.

Серіктес жаңалықтары