×
514.5
582.67
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.5
582.67
6.35

Ресей Мәскеудегі жеңіс парадына келген елдердің кейбір қарызын кешірген

Ресей Мәскеудегі жеңіс парадына келген елдердің кейбір қарызын кешірген
фото: rt.com

Ресей билігі Жеңіс парадына шетелдік көшбасшыларды тарту мақсатында шамамен $100 млрд қаржы жұмсаған. Бұл туралы Украинадағы жалған хабармен күрес орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАРЫЗДАРДЫ КЕШІРУ

Орталықтың ақпаратына сәйкес, Ресей парадқа қатысатын елдердің жалпы $50 млрд көлеміндегі қарызын кешірген. Сонымен қатар, Мәскеу бұл елдерге тағы $20 млрд көлемінде жеңілдетілген несие мен өзге де қаржылық жеңілдіктер ұсынып, $30 млрд-тан астам инвестициялық жобаларды қаржыландырған немесе болашақта қаржыландыруға уәде берген.

Атап айтқанда, Беларуське $29 млрд көлеміндегі қарызы кешірілген. Бұдан бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Куба, Эфиопия, Конго, Лаос және Моңғолияның қарыздары да толық немесе жартылай кешірілген.

ТАҒЫ БІР СЕБЕП

Украина орталығы парадқа қатысушылардың ынтасын Ресейден келетін инвестициялық қызығушылықпен де байланыстырады.

— Қазақстан "Росатом" есебінен атом электр станциясын салуға мүдделі. Түрікменстан — Ресейдің газ нарығына қайта оралуға, ал Өзбекстан — жаңа несиелер алуға ұмтылып отыр, — делінген жалған ақпаратпен күрес орталығының мәлімдемесінде.

ГЕОСАЯСИ КОНТЕКСТ

Украина тарапының пайымдауынша, бұл қадам арқылы Ресей өзін ықпалды жаһандық держава ретінде көрсетуге тырысып отыр. Ол үшін бұрынғы кеңестік республикалар мен Ғаламдық Оңтүстік елдеріне кредит, инвестиция мен экономикалық жеңілдіктер ұсыну арқылы ықпалын арттыруда.

Еске салсақ, бұған дейін Мәскеуде 9 мамырда өтетін Жеңіс парадына 29 елдің көшбасшысы қатысатыны хабарланған болатын. Олардың үшеуі — Қытай, Венесуэла және Вьетнам басшылары — ресми сапармен келеді деп күтілуде.

ТОҚАЕВ МӘСКЕУДЕ

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды

 

Серіктес жаңалықтары