×
514.5
582.67
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.5
582.67
6.35

Батыс Қазақстанда полиция прокурордың өлімін тергеп жатыр

Бүгін, 16:26
Батыс Қазақстанда полиция прокурордың өлімін тергеп жатыр
Ашық дереккөзден

Аудандық прокуратура қызметкерінің өлімі ресми түрде расталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ер адамның мәйіті 8 мамырға қараған түні Теректі ауданында табылған. "Мой город" басылымының жазуынша, аудандық прокуратура қызметкері өз үйінің ауласында өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады.

Факт қылмыстық істердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіп жатыр. Облыстық прокуратура орын алған жағдайға байланысты көңіл айтады, – деп мәлімдеді облыстық қадағалаушы орган.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмеді.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде қаза тапқан адамның Теректі ауданының прокуроры, 43 жастағы әділет подполковнигі Ғалымбек Мұхитов екені туралы ақпарат тарап жатыр. Ер адам асылып қалған делінеді.

БҚО прокуратурасының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Ғалымбек Әлібекұлы Мұхитов 1983 жылы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды тәмамдаған. Прокуратура органдарында 2006 жылдан бері қызмет еткен. Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Серіктес жаңалықтары