×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

Астанада 12 мамырға дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

Астанада 12 мамырға дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі
Ашық дереккөзден

Астанада 12 мамырға дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СЕБЕП

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын 3 қиылыстың жол төсемінің орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жүргізуі туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, кезең-кезеңмен қозғалыс толығымен жабылатын болады.

ҚАЙ КӨШЕЛЕР ЖАБЫЛАДЫ

  • Абылай хан даңғылы/Манас көшесі 9 мамыр күні сағат 21:00-ден бастап 10 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін;
  • Абылай хан даңғылы/Б. Майлин көшесі 10 мамыр күні сағат 21:00-ден бастап 11 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін;
  • Абылай хан даңғылы/ І. Жансүгіров көшесі 11 мамыр күні сағат 21:00-ден бастап 12 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

- Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары