×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

Медициналық терминдер қазақ тіліне аударылуы мүмкін

Медициналық терминдер қазақ тіліне аударылуы мүмкін
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанда медициналық терминдер қазақ тіліне аударылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл мәселені ғалымдар Семейде өткен конференцияда талқылаған. 

Күн тәртібінде бекітілген медициналық терминдердің бірыңғай сөздігін әзірлеу, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің терминологиялық базасын қалыптастыру және өзекті медициналық терминология сөздігін жасау мәселелері қаралған. 

Жас ғалымдар медициналық терминологияға қатысты өзекті мәселелерді талқылаған. Олар ғылыми жарияланымдардағы аббревиатураларды, нормативтік құқықтық актілердегі терминдерді және ғылыми-медициналық тілдің жүйеленуін талдауға ерекше назар аударды.

Жас ғалымдар бұл бастамалардың табысты болуына мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы рөлінің артуы себеп болады деп санайды. Олар қазақ тілі тек күнделікті өмірде ғана емес, ғылымда да лайықты орын алуы тиіс екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары