Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстандағы әскери қызметке шақырту статистикасымен танысып, бұл салады өңірлер арасындағы теңсіздік бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол әскерге негізінен оңтүстік өңірлердің жастары баратынын, бұл – қауіпті үрдіс екенін екенін айтты.
Айдос Сарымның айтуынша, әскерге шақырылғандардың дені – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстары мен Шымкент жастары. Ал Қостанай облысында әскерге мүлде адам бармаған жылдар да кездескен.
– Сонда қалған өңірлер үшін Отан қажет емес пе? Бұл — қауіпті статистика. Сондықтан талаптарды күшейтіп, өзгертіп жатырмыз, — деді депутат Abay live YouTube-каналына берген сұхбатында.
Сарым сондай-ақ, әскердегі өлім-жітім мәселесіне де тоқталды.
Оның сөзінше, мұндай оқиғалар тіпті ең дамыған армияларда — АҚШ, Германия, Израиль секілді елдерде де болып тұрады және бұл жағдайдан мүлде құтылу мүмкін емес.
Ulysmedia.kz бұған дейін әскердегі қайғылы жағдайларға қатысты зерттеу жүргізген еді.