×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Тұрғымбаевқа діни экстремизмге қарсы бақылауды күшейту міндеті жүктелді

12.01.2022, 09:14
Фото: Ашық дереккөзден

Премьер-министр Әлихан Смайылов ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа діни экстремизмге қарсы бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, полиция қызметкерлерін құқықтық қорғауды жақсарту мәселесін белгіленген тәртіппен пысықтасын, қару айналымы мен діни экстремизмнің таралуына қарсы бақылауды күшейтсін», - деді үкімет басшысы.

Ол сонымен қатар төтенше жағдайлар  министрлігі ұлттық экономика және қаржы министрліктерімен бірлесіп, азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық және әлеуметтік жағынан күшейту бойынша ұсыныстарды пысықтап, бір апта мерзімде Үкіметке енгізуді жүктеді.

«Төтенше жағдайлар  министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, белгіленген тәртіппен елдің Азаматтық қорғаныс жоспарына қажетті түзетулер енгізсін. Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды жетілдіру бойынша келісілген ұсыныстар әзірлесін. Қорғаныс министрлігі ұлттық экономика, индустрия және қаржы министрліктерімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілерінің табысын арттыру, әскери-көлік авиациясымен, қару-жарақпен және әскери техникасымен жарақтандыру мәселелерін пысықтасын», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары