×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін қазақстандықтар қайда бара алады?

22.09.2021, 20:56
ашық дереккөз

Қазақстанда 21 қыркүйектен бастап аптасына екі жақтан 114 рейсті құрайтын 16 елге тұрақты халықаралық рейстерді ұлғайтуға, жаңартуға және ашуға рұқсат етілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешімді Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

Мына бағыттарды әуе рейстері:

Ресей Федерациясынан 54 рейске,

Түркиядан 7 рейске,

Бірікке Араб Әмірліктерінен 9 рейске.

Өзбекстаннан 5 рейске,

Германиядан 5 рейске,

Мальдив аралдарынан 3 рейске,

Кореядан 6 рейске,

Польшадан 6 рейске,

Венгриядан 1 рейске,

Сауд Арабиядан 1 рейске көбейеді.

Мына бағыттарда тұрақты рейстер жаңарады:

Чехиядан аптасына 2 рейс,

Қытайдан аптасына 8 рейс,

Әзербайжаннан аптасына 3 рейс ұшады.

Мына бағыттарда тұрақты рейстер ашылады:

Италиядан аптасына 2 рейс,

Шри-Ланкадан аптасына 3 рейс,

Кувейттер аптасына 3 рейс ұшады.

Қазіргі уақытта авиакомпаниялар ұшу кестесін жасауда.

Рейстер жоғарыда аталған елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі.

ҚР ИИДМ-ның хабарлауынша, рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Серіктес жаңалықтары