Алматы, Астана және Шымкент әлемнің үздік қалалары рейтингіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Oxford Economics Global Cities Index 2025 мәліметінше, әлемнің үздік қалалары тізіміне Қазақстанның үш мегаполисі кірді. Алматы Орталық Азиядағы ең үздік қала деп танылды. Жаһандық рейтингте Алматы 258-орынға ие болды. Рейтингке сондай-ақ Астана мен Шымкент кіріп, сәйкесінше 276 және 534-орындарды иеленді.
Әлемнің үздік қалаларының көшбасында:
Нью-Йорк
Лондон
Париж
Сан-Хосе
Сиэтл
Мельбурн
Сидней
Бостон
Токио
Сан-Франциско.