×
512.66
580.59
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.66
580.59
6.45

Мектепке орамал тағып барған қыздардың оқудан шығарылуы заңды ма

28.05.2025, 18:20
Мектепке орамал тағып барған қыздардың оқудан шығарылуы заңды ма
Коллаж: ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаттары оқушылардың мектепке орамал тағып баруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЙГҮЛ ҚҰСПАННЫҢ ПІКІРІ 

Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан пікірінше, бұл мәселе заң арқылы шешілмейді. 

- Бұл оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы арқылы шешіледі. Ондай бұйрық бізде бар. Мен оны шешетін министр емеспін. Тәртіпке бағынуымыз керек, дейді Айгүл Құспан.

Сонымен қатар, Ұлысмедиа тілшісі бұл мәселе парламентке жіберілсе қаншалық шешілуі мүмкін екенін сұрады. 

- Бірінші кірсін, сосын көреміз, дейді депутат. 

АБЗАЛ ҚҰСПАН НЕ ДЕЙДІ

Депутат Абзал Құспанның сөзінше, қолданыстағы заңда орамал таққан қыздарды мектептен шығару туралы норма қарастырылмаған. 

- Бірақ қолданыстағы білім туралы заңда да әр мектептің ішкі ережесі болатыны және оқушылар мен ата-аналар ішкі ережеге бағынуы керек деп көрсетілген. Менің білуімше, көптеген мектептің жарғысында киім үлгісі бекітілген. Егер киім үлгісі сол үлгіге сәйкес келмесе немесе қандай да бір стандартқа сәйкес болмаса, оған, әрине, мектеп әкімшілігі шара қолданады. Бірақ ол мектептен шығарып жіберуге дейін ұласпайды деп ойлаймын. Себебі баланың баланың мектепте білім алуы мемлекеттің де, ата-ананың да міндеті. Сондықтан оқудан шығару түріндегі қатаң шара қолданылмауы керек деп ойлаймын, дейді депутат. 

Абзал Құспанның сөзінше, дін туралы заң парламентке жолданған жағдайда бұл мәселе реттелуі керек деп есептейді.  

ЖОҒАРҒЫ СОТ ШЕШІМІ

Еске салайық, былтыр жоғарғы сот орамал таққан балаларды мектепке кіргізбеу заңсыз деген шешім шығарған болатын. 

Серіктес жаңалықтары