×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Елордада КВИ жұқтыру деңгейі былтырғы көрсеткіштен 12 есе өсті

17.01.2022, 15:21
Фото: Ашық дереккөзден

Елордада індеттің тез таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсуде. Соңғы тәулікте алғашқы зертханалық расталған 4 639 жағдай тіркелді (симптомдары бар 3 192, 1 447 симптомсыз), өсім 2.5% - ды құрады. Соңғы аптада COVID-19 бойынша 31 789 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қаңтардың 16 күнінде 36347 жағдай тіркелді, бұл 2021 жылғы желтоқсанда тіркелген 2 737 жағдайдан 12 есе жоғары.

«Омикрон» коронавирусының жаңа штаммы вирустың басқа мутацияларына қарағанда тезірек таралады, сол себепті COVID-19-бен ауырып шыққандар және 2021 жылдың наурыз-қыркүйек айларында вакцинацияланған адамдар да әбден жұқтыруы мүмкін. Қала бойынша қазіргі уақытта 244 824 адам ревакцинацияға тиесілі (ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында вакцинаның толық курсын алғандар), олардың 27 874-і немесе 11,3% - ы қайта вакцинацияланған адамдар.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде вирусқа қарсы  жалғыз қорғану жолы- ол СOVID-19-ға қарсы алынған вакцинацияның толық курсы мен уақтылы алынған ревакцинация. Қорғанған адамдар ғана "Омикронды" жеңіл қабылдайды.  Сондықтан да болар,  вацинация алып вакцинация мен ревакциянация алмаған адамдарға қарағанда, толық иммунизация өткен адамдарда аурудың салдары әлдеқайда жеңіл өтеді. .

 Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады, сондай-ақ вакцинациялауға және ревакцинацияға шақырады. Оны астананың емханалары мен Абу Даби Плаза, Керуен, Азия Парк, Еуразия СҮ және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы сияқты егу кабинеттерінде ыңғайлы әрі жылдам жасауға болады.

Серіктес жаңалықтары