×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Тоқаев: «Қазақстан халқына» бір күндік жалақы аудару - керексіз бастама

21.01.2022, 10:51
Фото: Ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуінде осылай деді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Бізге жаңа парақты ашып, жаңа Қазақстанның негізіне айналуы тиіс жаңа экономикалық саясатты құруда бірлесіп жұмыс істеу керек», - деді.

Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясаттың негізгі қағидаттары адал бәсекелестік, қабылданатын шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы, бизнестің салықтық адалдығы, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі болуы керектігін баса айтты.

«Әлеуметтік-экономикалық реформалардың сәтті жүзеге асуына ірі бизнес, біздің буржуазия мүдделі екеніне толық сенімдімін. Өйткені елдің бизнес-элитасы көп нәрсе жоғалтуы мүмкін. Бірақ, сонымен қатар, олардың бизнесін одан әрі кеңейту үшін жақсы мүмкіндіктер бар», - деп қосты Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыны аудару бастамасына қарсы екенін мәлім етті.

«Бұл жерде формализм деген атымен болмауы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің, бюджеттегілердің бір күндік жалақысын аудара бастапты. Бұл – мүлде қажеті жоқ бастама. Тағы да бір рет атап өтейін – бұл бюджеттік қор емес. Қазақстан халқының қоры. Сол себепті аталмыш жұмыс қандай да бір бюрократиялық процедурасыз өтуі тиіс. Барынша ашықтық керек. Ірі компаниялардың бәрі де үкіметпен айқындалған пайызды береді... Бизнес-бірлестік біздің бастамамызды шын ниетімен қолдап, қорға көмектесер деген үміттемін», - деді ол.

Айта кетсек елордада бүгін президент елдегі ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары