75 жастағы француз саяхатшысы Жан-Жак Савен мұхиттағы екінші жеке саяхатында қайтыс болды. Ол Атлант мұхитын ескекпен кесіп өтпек болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
BBC-дің мәліметінше, жұма күні Савеннің аударылған қайығы саяхатшы бастаған Португалиядан бір жарым мың шақырымдай жерде Азор аралдарынан табылды. Савен қазасының себептері мен жағдайлары әлі белгісіз.
«Өкінішке қарай, бұл жолы мұхит біздің досымыздан күшті болды, ол теңізді және онда саяхаттағанды сүйетін», - делінген Савеннің Facebook парақшасында.
Еске сала кетсек, 2019 жылы Савин үш метрлік бөшкеде отырып Атлант мұхитын кесіп өтті.