×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Тонгада жанартау атқылауынан халықтың 85%-ы зардап шекті

25.01.2022, 11:49
Тонгада жанартау атқылауынан халықтың 85%-ы зардап шекті
Фото: ашық дереккөз

Архипелагтан 330 км қашықтықта орналасқан Хунга-Тонга-Хунга-Хаапай жанартауының атқылауы салдарынан Тонга аралдарының тұрғындарының шамамен 85% экономикалық шығынға ұшырады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

plus-one.ru-дың мәліметінше, «Жаңа Зеландия» радиосы жергілікті билік елді қалпына келтіруге халықаралық көмек сұрағанын мәлімдеді. Кейбір шағын аралдарда жанартау атқылауынан кейінгі цунами тұрғын үй инфрақұрылымын шайып кетті. Тұрғындар Тонгатапу архипелагының басты аралына көшірілді. Халықаралық және жергілікті телефон қызметі әлі де шектеулі. Тонга үкіметі Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маскқа Starlink спутниктері арқылы интернет байланысын қосу туралы өтінішпен жүгінді.

Аустралия мен Жаңа Зеландиядан гуманитарлық жүк тиеген бірнеше ұшақ зардап шеккен елге келіп үлгерді. Теңіз арқылы азық-түлік пен ауыз суды Жаңа Зеландия Әскери-теңіз күштерінің екі кемесі, сондай-ақ Фиджиден келген кеме жеткізді. Енді Тонгада Австралия, Ұлыбритания, Жапония және АҚШ-тың тағы бірнеше кемелері күтіп тұр.