×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Төрт жылда 800-ге жуық нысан жекешелендіріледі

23.09.2021, 16:45
Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет осылайша жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын орындамақ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Президенттің экономикаға мемлекеттің араласуын азайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылып жатыр. Нысандардың 50%, атап айтқанда 733 нысанды жекешелендіру осы жылдың соңына дейін аяқталады. 30%-ы 2022 жылы және 10%-ы 2023 және 2024 жылдары жекешелендіруге шығарылады», - деді үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смайылов бүгінгі баспасөз мәслихатта.

Оның айтуынша, жекешелендірілетін нысандардың әрбірі мемлекеттік мүлік реевтріне енгізілген. Бүгінгі таңда ашық сауда арқылы электронды алаңда мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жұмысы қызу жүргізіліп жатыр.

«Жалпы осы шаралар 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға араласуын 14% қысқартады. Жалпы мемлекет басшысының өзі квазимемлекеттік сектордағы жекелеген субъекттердің шығынға батырып жатқанын мәлім еткен еді», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары