×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлт ретінде біз «Қаңтар қасіретінен» қажетті сабақты алдық

25.01.2022, 14:47
Фото: Ашық дереккөзден

«Орталық Азия – ҚХР» саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдің басшыларына «Жаңа Қазақстан құрып жатқанымызды» мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазақстан қаңтардың алғашқы күндері өрескелдігі мен қатігіздігі, басқыншылығы аса үстем террористермен және содырлармен бетпе-бет келді. Осы ретте қазақстандықтар Қытай тарапы мен Орталық Азиядағы бауырлас елдер тарапының қолдауын алғыспен қабылдады. Мемлекет, ұлт ретінде біз осы қайғылы оқиғалардан қажетті сабақты алдық, сөзсіз тез арада қалпына келеміз», - деді Қазақстан президенті «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде сөйлеген сөзінде.

Ол қазіргі уақытта мемлекет қуатты түрде қайта форматтау және мемлекеттік басқаруды, ұлттық қауіпсіздік жүйесін және экономикалық саясатты реформалау жұмысын жүргізіп жатқанын мәлім етті.

«Осылайша, біз Жаңа Қазақстандық құруды бастадық», - деді президент.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда. Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары