×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстанда ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді

26.01.2022, 09:36
Фото: Ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта елімізде 57 ішкі бағытта 605 ішкі тұрақты әуе рейсі орындалады, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі қалпына келітірілген ішкі рейстер бойынша ағымдағы ақпаратты жариялады. Ел аумағында төтенше жағдай режімінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр.

Төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады.

Серіктес жаңалықтары