Синоптиктер 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
5 ақпанда еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынды болып, жел соғады. Сондай-ақ, көктайғақ болуы мүмкін.
Сонымен қатар, республика бойынша тұман түседі деп болжануда. Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнде және таңертең 20-30 градусқа дейін аяз сақталады.
Дегенмен, синоптиктердің дерегінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.