×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«30 градусқа дейін аяз»: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады

02.02.2022, 12:17
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz. 

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

5 ақпанда еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынды болып, жел соғады. Сондай-ақ, көктайғақ болуы мүмкін.

Сонымен қатар, республика бойынша тұман түседі деп болжануда. Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнде және таңертең 20-30 градусқа дейін аяз сақталады.

Дегенмен, синоптиктердің дерегінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. 

Серіктес жаңалықтары