×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

1424 атыс қаруы ұрланған: Полиция алматылықтарға үндеу жасады

03.02.2022, 09:15
Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен 1 424 атыс қаруы ұрланған. Ұсталған қарулардың көпшілігі атуға бейімделген және халыққа нақты қауіп төндіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

“Торларды көліктермен жұлып, арнайы дайындалған құрылғымен сындырды. Оларда бәрі болды. Қолғаптармен жұмыс істеді, ал қолғаптар – арнайы. Мұнда кәсіби мамандар жұмыс істеді. Өйткені дүкен кәсіби түрде ашылған.  Оларда көп уақыт болмаған, сол себепті торларды сындыра бастаған. Қару-жарақ қоймада болды. Қайда кетті. Іздеу керек, өйткені болашақта ол кез келген жағдайда қолданылуы мүмкін.  Ең қорқыныштысы да, ең қауіптісі де осы", – деді “Арма-56” мамандандырылған қару-жарақ дүкенінің директоры Александр Алексеенок.

Полиция департаменті қазіргі уақытта қалада қаруды, оның ішінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланғандарды іздестіру және тәркілеу, сондай-ақ қаладағы қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы өтіп жатқанын атап өтті.

“Осы дүкендердің қоймаларында сөрелерге қойылған қолданыста емес қарулардың құрамдас бөліктері, сондай-ақ атуға жарамды қарулар да сақталған.  Кейбір дүкендердегі қылмыскерлер атуға жарамды қаруға жетіп үлгерген, содан кейін оларды ұрлап кеткен. Қолданыста емес қаруды, егер құрамдас бөліктері бар болса, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы қолданылуы мүмкін екендігін ескертемін. Азаматтардан заңсыз қару сақтау фактілері анықталса немесе табылса, өз еркімен тапсыруларын сұраймыз. Қаруды өз еркімен тапсыру қылмыстық жауапкершіліктен босатады”, – деп қорытындылады Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов. 

Серіктес жаңалықтары