×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ресейлік ұшақ Қызылордаға шұғыл қонды

03.02.2022, 17:21
Фото: ашық дереккөзден

Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан Өзбекстанның Самарқандына бет алған «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Қызылордаға шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Uzbekistan Airports баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бортында 56 жолаушысы бар ресейлік әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша 10:56-да Қызылорда қаласының әуежайына қонды.

Қонуға Өзбекстан Республикасының азаматшасы себеп болды, ол жүрек ауруына байланысты шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болды.

Экипаж ұшақты жақын маңдағы әуежайға қондыру туралы шешім қабылдады. Аэродромға қонғаннан кейін жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары