×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Боливияда табиғи апаттан 62 мыңнан астам отбасы зардап шекті

05.02.2022, 11:35
Фото: ашық дереккөз

Боливияның оңтүстік-батысында бірнеше күн толассыз құйған нөсер соңы тасқын мен лай көшкініне ұласты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, табиғи апаттан мемлекет астанасы да зардап шегіп жатыр. Ла-Паста құйылған лайдың күшіне шыдамай, бірнеше үй опырылды. Мамандар құлаудың аз-ақ алдында тұрған бірқатар ғимаратты алдын ала қолдан құлатты. 62 мыңнан астам отбасы тұрғылықты жерін тастап, қауіпсіз жаққа көшуге мәжбүр болған. Соңғы жағдайлар бойынша құрбан болғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Билік бірнеше аймақта метеорологиялық қауіп-қатердің «қызғылт-сары» деңгейін жариялады.

«Соңғы 2 күн бойы жаңбыр тоқтаусыз құйды. Су тасқыны көшелерден өзен сияқты ақты. 2 түн бойы мүлде көз ілмей шықтық. Қатты қорқып жүрміз», - дейді жергілікті тұрғын Хуана Хуанка.

Серіктес жаңалықтары