×
539.56
627.35
6.84
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.56
627.35
6.84

Әзербайжандық компания Маңғыстаудағы кен орнын игеруге қызығушылық білдірген

Бүгін, 13:16
Әзербайжандық компания Маңғыстаудағы кен орнын игеруге қызығушылық білдірген
ЖИ: Ұлысмедиа

Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR Маңғыстау облысындағы Доңға кен орнын игеру жобасына қатысуға ниет білдірді. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Report басылымына мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Санжар ЖаркешовтІң айтуынша, Қазақстан мен Әзербайжанның энергетика министрліктері арасында мұнай барлау және өндіру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бағытында белсенді жұмыс жүріп жатыр.

- Ұлттық компаниялар – «ҚазМұнайГаз» және SOCAR арасында кең ауқымды бірлескен жобаларды қамтитын меморандумға қол қойылды. Әсіресе, Маңғыстау облысындағы Доңға кен орнын игеру бойынша SOCAR өз мүддесін танытты. Қазір белсенді келіссөздер жүріп жатыр және біз Әзербайжан тарапынан нәтижесін күтеміз. Қазақстан өз кезегінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын, – деді Санжар Жаркешов.

КЕН ОРНЫ ТУРАЛЫ

Доңға мұнай-газ кеніші Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан. Кен орнының геологиялық қоры 106 миллион тонна мұнай мен 6 миллиард текше метрден астам газды құрайды. Кен орны 1966 жылы ашылған.

Жоба 1994 жылғы 1 мамырда Қазақстан үкіметі мен Oman Oil Company Limited арасында жасалған өнімді бөлу туралы келісім аясында іске асырылып келеді.

ҚАТЫСУШЫЛАР

2023 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы француздық TotalEnergies концернінен жобадағы 60 пайыздық үлесті сатып алған. Осыдан кейін оператор компанияның атауы Dunga Operating GmbH болып өзгертілді.

Қазіргі уақытта жобаның қатысушылары:
    •    «ҚазМұнайГаз» – 60%;
    •    Oman Oil Company Limited – 20%;
    •    Partex Kazakhstan Corporation – 20%.

Кен орнын игерудің операторы – Dunga Operating GmbH.

Серіктес жаңалықтары